Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кеше барша проваслав христиандары Рождество мерекесін атап өтті

c 19:45, 08/01/2015 c 839

0:00 / 0:00

Рождество мерекесі бір жағынан -Исус Христостың дүниеге келген күні ретінде діни сеніммен аталып өтілетін қасиетті күн- деп саналса, екінші жағынан жаңа жыл басталар күн- деп,жұртшылық тілек тілеп , ауыз ашады. Осы атаулы мерекегеге орай, кеше өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қаламыздағы Алтын шіркеуге келіп, жиналған қауымды Рождество Христово мерекесімен құттықтады. Иә, бүгінгі күні Православ христиандарының Рождество мерекесінің елімізде кең көлемде аталып өтілуі, бірінші кезекте елбасының сарабдал саясатының көрінісі - деген өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, барша жамағатқа денсаулық, рухани күш-қуат, ізгі бастамаларына табыс тіледі.
Негізінен, рождество мерекесі дүниежүзінің 145 мемлекетінде тойланатын православтар мен католиктердің діни мейрамы, қызықты салттар мен өзіндік салтанатқа толы. Сондай-ақ бұл күнді барша христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларда шоқынумен өткізеді. Дәл осы жарқын да ізгі мереке күні Орал қаласының Алтын шіркеулерінің өзінде, мерекені негіздеп келушілер қатары толастап жатты...
Осылайша, Православие христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылық пен татулықты сақтауға сүбелі үлес қоса бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.