Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кепілдендірілген топтама

c 17:35, 18/03/2020 c 612

0:00 / 0:00

Облыста атаулы әлеуметтік көмек шеңберіндегі кепілдендірілген топтама көп балалы отбасыларға таратыла бастады. Бүгінгі таңда қалалық жұмыспен қамту бөлімі төтенше жағдайларға байланысты ата-аналарға қосымша көмекті біртіндеп табыстауда.АӘК алушылардың саны ай сайын өзгеретіндіктен кепілдендірілген әлеуметтік пакет алушылар саны да сәйкесінше өзгеріп отырады. Сондықтан ақпан айының азық-түлік топтамалары наурыз айында беріледі. «Айта кетейік, азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына байланысты құрамы бойынша ерекшеленеді: 1-ден 3 жасқа дейін және 3-тен 6 жасқа дейін: Бірақ әлеуметтік пакеттің құрамы аймаққа қарамастан бірдей болады.Жинақтар әртүрлі жармаларды, пюрені, шырынды, сүтті және басқа да өнімді қамтиды. Өнімдер витаминделген, бұл өсіп келе жатқан ағзадағы дәрумендер жетіспеушілігін толықтыруға мүмкіндік бермек. Бұдан басқа, тоқсанына бір рет табысы аз отбасыдағы әрбір балаға (1 жастан 6 жасқа дейін) гигиеналық құралдар жиынтығы беріледі. Әр өңір әлеуметтік пакеттер беру жөніндегі жұмысты алушыға жеткізу жолымен немесе беру пункттері арқылы ұйымдастырады.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша АӘК тағайындау механизмі оның айқындылығын, әділдігін және еңбекке деген ынтаны қамтамасыз ету мақсатында түзетілді. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кешенді түрде іске асырылады және мыналарды қамтиды: 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы; жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмек, табысы аз отбасылардың балаларына арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.