Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кеңес шешімі

c 17:46, 19/03/2019 c 576

Әдеп жөніндегі кеңес Бөрлі ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығының басшысын мемлекеттік қызметке лайықты емес деп үкім шығарды. Ісі кеңесте қаралған Ақмамбетов өткен жылы құбырларды жаңарту үшін "Ақсай жылу қуат" мекемесіне мемлекеттің қаржысын ешбір тендер ұйымдастырмай, аударып жіберген. Сала мамандары ол мемлекеттік сатып алу заңнамасын орындамады -, дейді.

Әдеп жөніндегі кеңес Ақсай қаласында бу қазандықтарын алмастыру үшін 86 млн 287 мың теңге көлемінде қаражатты "Ақсай жылу қуат" мекемесіне аударған бөлім басшысының ісін қарады. Жиында белгілі болғандай бөлім басшысы қазандықтарды алмастыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша, конкурс ұйымдастырыпты. Алайда, ол келісім бұзылып, бөлім басшысы қыруар қаржыны өзге мекемеге аударады.

Жиында сөз алған кеңес мүшелері бөлім басшысы мемлекеттік сатып алу ісін бойынша заңнамада айтылған талаптарды орындалмағандығын айтады. Яғни, бу қазандықтары жөнделуі үшін арнайы мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, кейін жеңімпаз атқарған жұмысы үшін ақша алуы тиіс. Алайда, тұрғын үй коммуналды шаруашылығының өкілдері Ақсай жылу қуат мекемесінің өкілдерімен бір көзден сатып алу бойынша келісімге келіпті. Алайда, бұл бұл келісім заңсыз деп танылған. Қазіргі таңда Ақсайда жөнделген бу қазандығы мен мемлекеттің қыруар қаржысы тапшы. Кеңес мүшелері бөлім басшысы толықтай лауазымына сәйкес келмейді деген шешім шығарды.

Сондай-ақ, әдеп кеңесінде Ақжайық ауданына қарасты жер қатынастары бөлімінің басшысы 49 жылға жерді жалға бергендігі туралы іс қаралған еді. Кеңес мүшелері аталмыш фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалғандықтан шешім шығаруды кейінге шегерді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.