Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кемелер қатынасы басталды

c 16:54, 19/04/2022 c 540

0:00 / 0:00

Облыс аумағында су көліктерінің қозғалысы басталды. Сала мамандары қазіргі таңда қайықтар мен кемелер жөндеуден өтіп, компаниялар дайындық жұмыстарын қолға алған деседі.

Былтыр облыс аумағында су көліктерінде 87 заң бұзушылық тіркеліпті. Бұл туралы көліктік бақылау инспекциясы мәлімдеді. Құқық бұзған 87 тұлға жауапкершілікке тартылды. Сала мамандары өткен жылы су айдындарында навигация кезінде адам шығыны болмады деседі. Биыл су көліктерінің өзендерде жұмыс істеу уақыты 20-сәуірде басталады.

Қазіргі таңда облыс аумағында "Қазақстан су жолдары" компаниясы барлық көліктерін жөндеп, ала жаздай жұмысқа сайлап жатыр.

Облыс аумағында арнайы компанияның көліктері өзен-көлдерде тиісті тақтайшаларды орнатса, саяжай тұрғындары қатынайтын су көліктері мен қалалық мәдениет және демалыс саябағында көңіл көтеру үшін қызмет жасайтын кемелер бар.

Облыс аумағында арнайы компанияның көліктері өзен-көлдерде тиісті тақтайшаларды орнатса, саяжай тұрғындары қатынайтын су көліктері мен қалалық мәдениет және демалыс саябағында көңіл көтеру үшін қызмет жасайтын кемелер бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.