Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КЕЛЕШЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАШАН ҚОСЫЛАДЫ?

c 23:11, 18/02 c 47

0:00 / 0:00

Қазақстанда жоғары білім алу өте қымбат. Білім қуған жастардың қалаған мамандығын игеріп шығуы оңайға түсіп жатқан жоқ. Себебі, жоғары оқу орындарының оқу ақысы шарықтап тұр. Жыл сайын өседі. Беделді деген университеттердің оқу ақысы кем дегенде 1-1,5 млн теңгеден басталып, әрі қарай жалғаса береді. Әрине қалтасы қалыңдардың балалары ҰБТ тапсырып, қалаған оқу орнына түседі, болмаса шетел асады. Ал қарапайым отбасының баласы мемлекеттік гранттан үмітті. Болмаған жағдайда ата-анасы несие алып, оқытады. Өткен жылы үкімет жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлегенді. Алайда, жаңа жылдың басталғанына екі ай болды, әзірге бұл бағдарлама іске қосылмады. Ғылым министрі Саясат Нұрбек аталмыш бағдарлама биыл қыркүйек айында ғана қосылады деп отыр

Бұл бағдарламаның шарты бойынша бала 5 жасқа келгенде мемлекеттен бір реттік бастапқы капитал – 60 АЕК (қазіргі 207 000 теңге) түседі. Ал ата-ананның міндетті салымдары – ай сайын 3 450 – 10 350 теңгені құрайды. Әзірге "Келешек" бағдарламасына қандай екінші деңгейлі банктер қатысатыны белгісіз. Банктер қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және ұлттық банктің ұсынымдарымен іріктеледі. Екінші деңгейлі банктер мемлекеттік бағдарламаға қатысу талаптарына сай болуы керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.