Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кейуанаға көмек керек

c 14:39, 01/11/2018 c 548

0:00 / 0:00

Мәрия Қалжанова зейнет жасындағы жалғызбасты ана. Қартайған шағында зейнеттік өмірдің берекесін көрем деген ойы бүгінде арман болып отыр. Өйткені, Мәрия әженің қазіргі таңда жағдайы ауыр. Бір қолы мен бір аяғынан сал ауруына шалдыққан әженің жүріп-тұруы, тіпті тамақ әзірлеуге, үй тірлігімен айналысуға, қала берді жуынуға қиналып жүр. Әженің бүгінде бір ұлы бар. Ал қызы 3 ай бұрын бақилық болыпты. Алайда ұлынан қайыр болмай отыр. Атырауға айлап жұмыс барысымен кетіп қалатын көрінеді.
Бірақ Мәрия әжей тағдырдың салған сынағына мойымай, шамасы жеткенше үй шаруасымен айналысады. Ұлы болмаған кезде көрші көлем болып қол-ұшын созып көмектесіп келген.
Әжеміз сөз арасында әлеуметтік қызметкер берілсе деген тілегін жеткізді. Өкінішке орай,мәрия әженің кәмелет жасқа толған ұлы болғандықтан мемлекет тарапынан әлеуметтік қызметкер тағайындалмайды
Десе де, Мәрия әже адамгершілігі мол, мейірімді жандар барына сенеді. Тағдыр тауқыметін тартып отырған кейуанаға көмектесем дейтін жандар болса 87055132810 , 87071442453 байланыс нөмеріне хабарласа аласыздар .

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.