Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кей мектептер карантинге жабылды

c 17:11, 17/02/2021 c 287

0:00 / 0:00

3 тоқсан басталғалы облыс мектептерінің оқушылары арасында 197 КВИ жұқтыру фактісі тіркелген. 90 оқушы офлайн форматта, 107 жағдай қашықтан оқитын оқушылар арасында анықталған. Облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 17 мектеп карантинге жабылған болса, Оралдағы 8 мектеп қашықтан білім беру жүйесіне көшіпті.  Бұл 14 күн карантинге жабылған қаладағы №7 орта мектеп. Білім ошағы бүгінен бастап екі аптаға қашықтан білім беру жүйесіне көшті. Мұнда 2 мыңнан аса оқушы болса, олардың 950-і офлайн, қалғандары онлайн режимінде оқып жүр. Аталған мектепте жоғары сыныптың екі оқушысы мен екі қызметкерден коронавирус инфекциясы анықталыпты.
БҚО коронавирус жұқтыру дерегі бойынша сары аймақ тізімінде, ал өткен тәулікте 74 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.