Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазталовтың жағдайы

c 14:49, 08/07/2019 c 887

0:00 / 0:00

БҚО - ның әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Қазталов ауданында болып, шаруалармен жүздесті. Ата кәсіпті қолға алған жандар күрделі мәселелерін ортаға салды.

Облыс орталығынан шалғай орналасқан Қазталов ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы бірінші кезекте өз кәсібін дөңгелентіп отырған жандармен жүздесті. Ата кәсіппен айналысатын азаматтар судың жоқтығын, оны дұрыс пайдала алмай отырғандықтарын жеткізді. Шаруа қожалықтарының өкілі егер биыл қыс қатты болып, шөп жетпейтін болса, мал басын азайттатындығын айтады.

Сондай-ақ, облыс әкімі ауданға жасаған сапары барысында суландыру жүйесінің хал ақуалымен танысты.

Қазіргі таңда аудан көлеміндежазғы мезгілде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін лагерьлер жұмыстануда. Солардың бірі "Ақкөл" лагері. Аталмыш орталық өз жұмысын бірінші маусымнан бастапты. 1 кезеңде 36 баланы демалтуға қауқарлы. Сала мамандары оқушыларды үш бағыт бойынша, қосымша білім беріп, біліктілігін шыңдаудамыз,- дейді.

Қазталов ауылында он екі пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. жобаның жалпы құны 113 млн теңгеден асып жығылады. Екі қабатты үй бес айдың көлемінде аяқталмақ. бұдан өзге ауданның 9 елді-мекеніне көгілдір отын тартып, Жалпақтал ауылының 4 көшесі жөнделуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.