Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Қазіргі заман қаһарманы"

c 11:24, 12/11/2018 c 950

0:00 / 0:00

Орал қаласында республикалық "Қазіргі заман қаһарманы" атты республикалық акция өз жұмысын бастады. Аталмыш акция барысында бүгінгі күні қоғам тыныштығын қорғап, бейбіт күнде жан тапсырған қызметкерлердің ерлігін насихаттау.

Қоғам тыныштығын күзетіп, қылмыскерлерді ұстап, заң алдында жауап беру үшін жұмыстанып жүрген- полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. Еліміз егемендік алған 27 жылдың ішінде 780 ішкі істер министрлігінің қызметкері қылмыскерлерді құрықтау барысында жан тапсырған, сондай-ақ, 2300-ден астам маман қоғам тыныштығын күзету барысында жарақаттаныпты. Облыс орталығында ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпаққа азаматтардың өмірін ажалдан арашалап, қылмыскерлермен күресіп жүрген бүгінгі күннің батырларын насихаттау, олардың еңбегі жайлы айтып, түсіндіру.
Ақ жайық өлкесінде ұйымдастырылған республикалық акцияға арнайы келген құқық қорғаушылардың бірі -Дәуренбек Шоқпытов. Аталмыш азамат өткен жылы мұз құрсауында қалған қала тұрғынын құтқарыпты.
Акция аясында бүгінгі күннің батырлары мектеп оқушыларымен кездесіп, өскелең ұрпақпен пікір алмаспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.