Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазан айының үшінші жексенбісі - орман шаруашылығы қызметкерлері күні

c 16:38, 25/10/2019 c 1063

0:00 / 0:00

Орман - біздің планетамыздың өкпесі болса, орман шаруашылығы қызметкерлері - еліміздегі мемлекеттік орман қорын сақтап, молайтып көбейтуге мол еңбек сіңіріп келеді. Орманның өсіп-өрбуін, өнімділігінің артуын, орман құрылымын жүргізу, сондай-ақ орманды және жануарлар әлемін тіркеуге алу да орман қызметкерлері атқаратын қызметтің толық тізімі емес. Аймағымызда 216 мың га жер орман қорына жатқызылып, қорғалса, оның 90 мың га-ы орман алқабымен көмкерілген. Өкінішке орай, орман шарушалығындағы қызметкерлердің де тілсіз жаудан ажал құшатын кездері бар. Себебі, мұндағылар ормандағы өртпен де күресуге көп күш жұмсайды.Кәсіби мерекеге арналған спорттық шара арқан тартыс, спартакиада, қол күресі және нысанаға көздеп ату, сондай-ақ волейбол ойындарына ұласып, тартысты өтті. 200-ге тарта сала қызметкері белсенділік көрсетті. Соңғы жылдары «БҚО орман шаруашылығының» материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарып келеді. Осы салада 420 адам табиғат байлығы - орман алқаптарын қорғап, әрі барынша күзетіп келеді.

 

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.