Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақтың тойы

c 17:32, 02/06/2020 c 563

Оралда карантин режимі жұмсартылса да, той жасауға рұқсат жоқ. Осы орайда 200-ден аса қоғамдық тамақтану ісімен шұғылданушы кәсіпкер БҚО кәсіпкерлер палатасы мен санитар дәрігерлерден мейрамханаларда 100-ге тарта адамды қабылдауға рұқсат сұрады.Қаладағы қоғамдық тамақтану орындарына кешеден бастап 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат берілді. Бұл кәсіпорын басшыларына қойылатын басты шарт - келушілердің арасындағы қашықтықты қамтамасыз ету. Бір үстелге 4 адамнан артық отырғызуға тыйым салынады. Бұл нысандар түнгі 22:00 дейін жұмыс істеуге құқылы. Бірінші кезеңде банкеттер мен той жасауға тыйым салынады. Осы тамақтану нысандарының ішінде караоке, бильярд, кальян орталықтарының жұмыс істеуіне тыйым салынған». Алайда кәсіпкерлер бұл жеңілдету шаралары арқылы жұмыс жасау тиімсіз дейді. Өйткені 30 адамға қызмет көрсету шыққан шығынды жаппайтын көренеді.Бүгінгі таңда кәсіпкерлердің шағымдарын арнайы комиссия қарау үстінде. Мейрамханалар жұмысынан бөлек ломбард және туристік агенттік салаларына да бұл мәселе таныс.Айта кеткен жөн, карантиндік шаралар жеңілдетілгенімен қауіп әлі де сейілген жоқ. Бүгінгі сатаистикалық мәліметтерге сүйенсек, тағы да 27 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.