Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үздік әлеуметтік жобалар анықталды

c 17:33, 27/07/2018 c 864

"Қазақстанның үздік әлеуметтік жобаларының" облыстық кезеңі аяқталды. Аталмыш шара елімізде алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Үздік әлеуметтік жобалар үш кезеңге жоспарланыпты. Бүгінгі таңда, үздік әлеуметтік жобалар сайысына жиырма сегіз өтініш келіп түскен. Облыс аламанында алты жоба таныстырылып, үздік делінген жандар республикалық сайысқа жолдама алды.

Биылғы жылы да дәстүрлі түрде "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" іске асып жатыр. Аталмыш шара үш кезеңнен тұрады. Әлеуметтік жобалардың негізгі мақсаты: маңызды деп танылған әлеуметтік мәселелерге қоғамның назарын аудартып, олқылықтарды шешуде жаңадан тың идеяны жарыққа шығару болып табылады. 2018 жылы ұйымдастырылып отырған шараға 28 азаматтың өтініші келіп түскен. Ұймдастырушылар биылғы жылы ауылдық жерде тұратын жандардың белсенділігінің артқандығы қуантады,-дейді.

Облыстық кезеңге жолдама алған әрбір қатысушының ойы мен пікірі құнды. Мәселен, Тасқала ауданының тумасы 80 жастағы Сағынғали ақсақал әлі күнге дейін спортпен шұғылданып, шахмат ойнайды. Кезінде, жүзу спортымен айналысқан азамат, бүгін де барша аудан халқына салауатты өмір салтын насихаттаумен айналысып жүр. "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" байқауының облыстық кезеңіне қатысқан жандардың ішінде Қожақов Біржан "Демеу" мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау қоғамдық қорының басшысы топ жарды.

Аталмыш шараларды қоғам болып қолдаудың маңызы зор. Үздік әлеуметтік жобаларды анықтау үшін бас қосқан жандар облыс кезеңге қолдау көрсеткен меценат "Серік" ӨЖК" ЖШС басшысы Серік Ролланұлы Мергалиевке алғыс айтып, үздіктердің қатарынан табылған жандарға сәттілік тілеп, келер жылғы дайындықты қазірден бастау керек деп тарқасты. Облыстық кезеңнен республикалық сайысқа жолдама алған жандар өңір намысын қазан айында ұйымдастырылатын шарада қорғамақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.