Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстандықтар көшіп жатыр

c 10:47, 04/12/2020 c 625

0:00 / 0:00

Елден шетелге жаппай көшу үрдісі орын алуда. Соңғы 5 жылда 190 мыңға адам қоныс аударса, 70 933 этникалық қазақ көшіп келді. Айырмашылық 118 832 адамды құрайды. Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кеткендердің 44 пайызға жуығы 15 пен 34 жасқа дейінгі жастарды құрайды. Ал ел ішіндегі көші-қон да алаңдатып отыр. Солтүстік өңірден көшіп кетіп жатқандар күрт артты.  2018-2019 жылы және осы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 5123 адам қоныс аударған болса, өңірден  10 мыңға жуык адам көшіп кеткен. Осы облыста 20 жылда 300  жуық мектеп жабылып, бастауыш және орта мектепте оқитындар 8 мыңға азайған. Мектеп ғимараттары аукционға қойылып сатылуда, - деп алаңдайды сенаторлар. Үкімет басшысына жолданған депутаттық сауалда Сенатор Айгүл Қапбарова көші-қон процестерін іске асырудағы мемлекеттік шаралар шикі екендігін айтты.

Қазақстандықтарға туған жерін, отанын тастап, шетел асуға не себеп болып жатыр? Соңғы кездері бұл үрдіс тіптен күшейді. Жастар білім қуып, шетелдегі жайлы өмірге қызығып кетіп жатса, ересектер арасында да отбасымен жаппай көшу орын алуда. Бір өкініштісі білімді, ақылды жастар қоныс аударуда. Әлеуметтік желіде Түркияға көшкен қазақтардың артып жатқанын байқайсыз. Сенаторлар бұл алаңдайтын жағдай дейді.

Бұл аздай ішкі миграцияда да проблема бар. Еліміздің солтүстік өңірлерінен жаппай көшу орын алып жатыр. Үкіметтің халық саны көп оңтүстіктен солтүстікке көшіру тетіктері өңірлердегі көші-қон проблемаларын толық шеше алмай отыр. Мемлекет беретін тұрғын үйлердің көпшілігі қазіргі заманғы өмір сүру стандарттарына, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Кейбір үйлер  апатты жағдайда тұр. Кәсіпкерлікті қолдау үшін қабылданған «Бастау Бизнес» бағдарламасы сертификат беру үшін жасалған. Ал жұмыспен қамту да қоныс аударушылардың барлық мәселесін шешпейді дейді сенатор.

Жоғары палата депутаттары үкімет басшысына жолдаған сауалында қоныс аударушыларға үй беруді жеңілдетуді,  кедергісіз жер беру, жеке тұрғын үй салуға жеңілдетілген несие беру керектігін сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.