Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус тіркелді

c 20:18, 13/03/2020 c 585

0:00 / 0:00

Қазақстанда екі адам коронавирус жұқтырды. Бұл жайында бүгін шұғыл түрде баспасөз маслихатын өткізген  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Қауіпті індетті жұқтырған екі адам Германиядан келген. Олар қазір Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, барлық емдік шаралар жасалып жатыр. Енді, осы ұшақпен келген барлық азаматтар анықталып, карантинге жатқызылатын болады.Министрдің айтуынша науқастармен  бірге келген бас-аяғы 85 адам бар.  Оның ішінде ұшақтың экипаж мүшелері -12-і адам карантинге жатқызылған.  24 сағаттың ішінде қалғандары түгел  карантиндік стационарға жеткізіледі.

Үш ай бойы әлемді жайлаған коронавинрустың алдын алу шаралары жүргізілгенімен, бұл қауіпті індет Қазақстанды айналып өтпеді. Бүгін екі бірдей қазақстандық коронавирус жұқпалы аурын жұқтырғаны мәлім болды. Еліміздің бас дәрігері шұғыл түрде өткізілген баспасөз маслихатында бұл азаматтардың екеуі де Германиядан ұшып келгенін айтты. Аты аталып, түсі түстелмей отырған науқастардың бірі ер адам, екіншісі әйел. Олардың біреуі 9-ы наурыз, екіншісі 12-і наурыз күні түнде ұшып келген.

Енді, осы ұшақпен келген 85 азамат анықталып, 24 сағаттың ішінде карантинге жатқызылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің  бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус  11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін деп болжам айтып, сынағ іліккен болатын. Өкінішке орай болжамы тура келді. Министр Біртанов бұл қиындықты да жеңеміз деп жұбатты.

Діргерлер коронавирус белгілері байқалса, ауруханаға баруға болмайды дейді. Себебі науқас көпшілік  баратын емханаға барса, ол мекемні карантинге жабуға тура келеді. Аурудың симптомдары байқалса  үйге жедел-жәрдем шақырған жөн. Көбірек жылы су ішуге кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.