Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША БИЗНЕС-ДЖЕТ БАР?

c 21:07, 04/10/2023 c 74

0:00 / 0:00

Көлік министрлігінің авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қызмет көрсеткен "Бүркіт" әуе компаниясына қатысты пікір білдірді Оның айтуынша, бұл әуе компания ерекше мақсаттағы авиацияға жатады. Қазақстанда шамамен 20-30 бизнес-джет тіркелген. Бұл жайында ол үкіметте өткен баспасөз маслихатында айтты.

Алып әуе кемелері президенттерді тасымалдайды. Әрине олигархтар да өздеріне мұндай ұшақты сатып алып, қолданады. Бизнес-джеттердің өзге ұшақтардан ерекшелігі – олар ВИП-лайнер деп аталады. Яғни әуе кемесінде конференц-зал, жатын бөлмесі, жуынатын бөлмеге дейін болады. Бір сөзбен айтқанда бизнес класстағы пәтер дерсің. Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаев елді билеп тұрған кезінде Airbus-пен ұшатын. Назарбаев биліктен кеткен соң бұл ұшақты қайтарды ма? Ол белгісіз. Бұл сұраққа авиация комитетінің төрағасы Ластаев та жауап бере алмады. Сарапшыларың мәліметінше, Назарбаевтың авиапаркі 250 млн долларды құрайды.

ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ – ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ М.А, АВИАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Азаматтық авиация комитеті әуе кемелерін техникалық қадағалаумен, бақылау жүргізумен айналысады.Сонымен қатар сертификаттап, инспекциялық бақылау жүргізеді. Ұшақтар кімді тасымалдайтыны туралы ақпарат жоқ»

Сұраққа толық жауап ала алмаған тілшілер, елде қанша вип-лайнер тіркелгенін сұрады. Бүгінде Алматы маңындағы зәулім үйлердің жанында тікұшақтар қонатын алаңдар салынып жатыр. Вип-ұшақтар бай-бағландарды экзотикалық аралдарға тасымалдай немесе Қазақстанның бір қаласынан екінші қаласына туысқандардың тойына жеткізіп отырады. Қазақстандық кәсіпкерлер БАӘ немесе офшорлық аймақтар тіркелген компаниялардан лизингке ұшақтар алып жатады. Бизнес-джеттер ұзақ қашықтықты бағындыра алады. Ұшақтардың ішінде барлық жағдай жасалған. Оларды тіпті «ұшатын лимузиндер» деп айтып жатады. Мұндай көліктің құны 50 миллион АҚШ долларын құрайды. Бизнес-джетпен ұшатын клиенттер орташа алғанда 5-15 мың доллар төлеп жатады. Қазақстанда 30 шақты вип-лайнер бар екен.

ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ – ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ М.А, АВИАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Қазақстанда шамамен 20-30 бизнес-джет тіркелген. Олар жеке тұлғалардың меншігінде»

Осылайша Назарбаевқа қызмет көрсеткен «Бүркіт» әуекомапниясына қатысты пікір білдірген Ластаев, бұл әуе компаниясы ерекше мақсаттағы авиацияға жатады деді. Оның айтуынша, аталмыш әуе компаниясы Президенттің іс басқармасына қарайды. Яғни бұл сұрақ та солардың құзырында деп, ат-тонын ала қашты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.