Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстан-бірлік пен ынтымақтың Отаны!

c 17:54, 02/03/2020 c 433

0:00 / 0:00

2016 жылдан бері Елбасының тапсырмасымен қазақстандықтар "Алғыс айту" күнін тойлайды. Жылдағы үрдістен жаңылмаған Батыс Қазақстан Ассамблеясының өкілдері дөңгелек үстелде бас қосып, өткен тарихты саралап, бүгінде атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізді. Сондай-ақ, осыдан 25 жыл бұрын әлемде ешбір аналогы жоқ "Қазақстан халқы ассамблеясы" өз жұмысын бастаған болатын.

Өткен ғасырда Кеңес үкіметі түрлі этностарды өзге елдерге депортациялауды қолға алды. Қазақ даласына отарбамен мыңдаған шақырымды бағындырып, бір күнде баспанасын тастап, жеңіл-желпі киіммен көшіп келген ұлттың бірі корейліктер еді. Бүгінде көпті көрген ақсақалдар қиын қыстау күндерді ризашылықпен еске алады. Олар жолда қариялар мен балалардың көп көз жұмғанын айтады. Корей этномәдени бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Григорий Те Қазақстанға келгенде қазан айы болатын,- дейді.

2016 жылы бастап еліміздің аумағында Елбасының тапсырмасымен "Алғыс айту" күні тойланады. Сондай-ақ, көктемнің алғашқы күнінде осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Қос мерекеде өңірдің барлық этностары бас қосып, атқарылған жұмысты жіпке тізіп, арнайы үндеу қабылдады.

Бүгінде 25 жыл бірлік пен ынтымақ жолында жұмыс жасап келе жатырған Ассамблея ғимаратында арнайы мұражай өз жұмысын бастады. Музейге келушілер бірегей институтың атқарған жұмысынан сыр шертетін құжаттар мен фотосуреттерді тамашалай алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.