Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК БАСШЫЛАРЫ ҚАНДАЙ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ?

c 18:44, 23/12/2022 c 193

0:00 / 0:00

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапарында тарихи құжатқа қол қойылды деп хабарлайды Ақорда. Осы құжат аясында Қазақстанның оңтүстік шекарасы халықаралық-құқықтық тұрғыда толығымен рәсімделеді. Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін ұлғайтуды және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлауда. Көрші Өзбек еліндегі екіжақты кездесулер барысында бизнестің де шаруасы шешілді. Төртінші өңіраралық Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы аясында екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық байланысты нығайтуға арналған жалпы құны шамамен 2,5 млрд долларға жететін 40 құжатқа қол қойылды.

Қазақ басшысын өзбек елі үлкен құрметпен қарсы алды. Дәстүр бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қасры алу рәсімдері өткен соң, екі ел президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары болып табылады. Сапар барысында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойылды. Осы құжат аясында Қазақстанның оңтүстігіндегі мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық тұрғыда рәсімдеу ісі толығымен аяқталады.Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуді айтып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Жалпы екі ел – Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктестер болып табылады. Биыл Қазақстан мен Өзбекстанның сауда айналымы 35 пайызға өсіп, 5 миллиард долларды құрады. Президенттер жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады. Қазақ-өзбек басшылары екі ел арасындағы бірлескен жобалар ретінде Қарағанды облысында тұрмыстық техника өндірілетін болады.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Саран моно қаласында тұрмыстық техника шығаратын өндіріс орны ашылады. Бұл қазіргі заманғы, жоғары технологиялық өндіріс болады. Қазақстанда тұрмыстық техника сұранысының 40 пайызын жабады»

Сондай-ақ., Шымкент қаласында инфузиялық ерітінді, Қостанайда Chevrolet автомобильдерін шығаратын жобалар іске қосылды.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Екінші жоба дәрі-дәрмек шығыратын зауыт салынады. Шымкент қаласында инфузиялық ерітінді шығыартын зауыт болады. Үшінші жоба Қостанайда Chevrolet автомобильдерін шығаратын жобалар іске қосылды. Осылайша автокөлік қолжетімділігі шешіледі».

Сондай-ақ, Ташкентте өткен қазақ-өзбек бизнес-форум аясында екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлері ынтымақтастықтың тиісті бағдарламасына қол қойды. Қазақстан жағы 2025 жылға дейін құны 193,1 млн доллар болатын 12 инвестициялық жобаны іске асыру және 1,2 млрд долларға 2,1 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде картоп, көкөніс, ет және ет өнімдерін жеткізетін болды. Жалпы бизнес-форумы аясында екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық байланысты нығайтуға арналған құны шамамен 2,5 млрд долларға жететін 40 құжатқа қол қойылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.