Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаулыдан соң балабақшалардың жұмысы жанданбақ

c 15:43, 14/05/2020 c 617

БҚО білім басқармасының мамандары облыстың бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысынан соң, барлық мектепке дейінгі мекемелер өз жұмысын бастайды деп хабарлады. Қазіргі таңда барлық мектепке дейінгі нысандарда дайындық жұмыстары қолға алынған. Сала мамандары балабақшаның қызметкерлері ата-аналарға хабарласып, қабылданатын бүлдіршіндердің санын жасақтап жатқанын айтады. Баланың қасында қалатын адам болса, оны бөбекжайға жібермеуге де болады. Балабақшадағы орны жазғы уақытта сақталып қалмақ. Қазіргі таңда БҚО 500-ден астам мектепке дейінгі балабақша бар. Олардың қабырғасында 30 мың бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.

Сурет ғаламтордан жүктелген

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.