Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпті жағалау

c 16:55, 03/07/2018 c 796

0:00 / 0:00

Шілденің шіліңгір ыстығында суға түсетін жандардың қарасы қалың. Алайда, жағалау жанында демалуды көздейтін жандар қауіпсіздік ережесін естен шығарып, табиғатқа залал тигізіп жататын деректер де аз емес. Мәселен, суға шомылатын мекенде от жағып, көңіл көтеріп жүрген азаматтар, сол отты сөндірмей кететіндері өкінішті.

Осы аптада Оралдықтар нағыз шілденің аптап ыстығын бастан кешуде. Сынап бағанасы қырық градусқа жуықтаған шақта Оралдықтардың біразы жағалау маңынан табылып, салқындап жатыр. Алайда, демалуды көздеген жандардың басым көпшілігі қауіпсіздік ережесін естен шығарып жатады. Сала мамандары белгіленбеген жерде суға түсу адам өмірі үшін қауіпті деп қанша ескертседе, бұл қағида еш ескерілер емес. Биылғы жылдың өзінде 2 адамның ажалы осы судан келіпті.

Қала тұрғындары түсіндіру шаралары керек, - дейді. Олар атқарушы билік өкілдері жабайы жағалауларды жаппай, оның орнына жабдықталған жағажай жасаса деген өтініштерін де білдірді.

Биылғы жылы облыс орталығында 4 бірдей жабдықталған жағалау қызмет жасауда.  Сала мамандары қатердің алдын алу үшін ұйымдастырылған шара барысында жасыл желектің қасында от жағып, асын әзірлеп отырған жандар да кездесті. Заңнамаға сәйкес, орман алқаптарында от жағуға болмайды. Заң талаптарын бұзған тұлға, 367 баптың 1-ші тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.