Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СПОРТ АЛАҢДАРЫНЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

c 09:19, 05/08/2022 c 1486

0:00 / 0:00

Өткен аптада балалар алаңдардында қатарынан үш оқыс оқиға болып, елді алаңдатқаны барлығына аян. Олардың екеуі әткеншектерге саусақтарын қысып, буындарынан айрылса. Ал үшіншісінің үстіне футбол қақпасы құлап бақилық болған еді. Осындай оқиғаларды қайта болдырмау мақсатында «Басты мақсат - қауіпсіздік» атты қала аумағындағы ойын алаңдарында тексеріс жұмыстары жүргізілді. 

Өткен аптада ойын алаңдарында болған жазатайым оқиғалар көпшіліктің жағасын ұстатқанды. Алаңсыз ойнап жүріп саусақ буындарынан айрылу, ең сорақысы бала өмірінің қиылуы әрине бей-жай қарайтын жағдай емес. Осындай жайттардың алдын алу мақсатында қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған топ қала ішіндегі «Орал» спорт клубына қарасты балалар алаңдарына тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық кеңес төрайымы Ляна Тұрсынованың балалар алаңдары туралы ойы мынадай:
«Ең алдымен біздер бұл алаңдардың қай мекеменің балансында екендігін анықтап, кейін қашан қолданысқа берілгендігі және жөндеу жұмыстары қай уақытта өткізілгендігі туралы ресми ақпараттармен таныстық. Содан соң алаңдардың сапасын тексеруге кірістік. Бүгінгі тексеріс барысында біраз олқылықтарды анықтадық. Бұл ойын орындары мүлдем балалардың қолдануына лайықты емес. Төсемелерінің сапасы сын көтермейді. Тіпті қарапайым футбол қақпалары мен баскетбол сақиналарының торлары орнатылмаған»

Ал балалар алаңдарына жауапты «Орал» спорт клубының жетекшісі болса нысан үнемі бақылауда екендігін алға тартып отыр. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары керек болған жағдайда бірден жасалады екен. Және алаңдардың балалар өмірі үшін қауіпті күйге енуі сол жерде ойнап жүрген бүлдіршіндердің кінәсінен,- дейді ол. Сондай-ақ алаңдарды қайта жаңғыртуға қазіргі мезетте қаражат жоқ екендігін де тілге тиек етті.

Әрине, алаңдардың тексеріліп, қалыпқа келтірілуі жақсы іс. Тек мамандардың осындай жазатайым оқиға болғаннан кейін ғана  әрекетке көшетіні әттеген-ай дегізеді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.