Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпті вирус

c 17:27, 23/04/2020 c 487

БҚО-да «covid-19» инфекциясын жұқтырған тағы 10 жағдай тіркелді.  Коронавирустық инфекция табылған 10 азаматтың 9-ы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын азаматтар. Олардың 1-еуі Түркістан облысының, 8-і – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.  Ресей Федерациясымен шекарадағы «Сырым» және «Тасқала» автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарларға жатқызылыпты. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы анықталған 48 жастағы азамат – Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 10 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.