Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпті қызмет

c 16:57, 14/07/2020 c 435

0:00 / 0:00

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 61 755 адам анықталды. Олардың ішінде БҚО-да 4128 адам. Көрінбейтін жаумен ақ халаттылар уақытпен санаспай күресуде. Әсіресе аталған дерттің құрбанына айналған жандарды ақтық сапарға шығарып салу алдында мәйтханадағы медициналық қызметкерлер өзгелерге вирус жұқпауы үшін қауіпті болса да бірқатар міндетті шараларды орындайды. Соңғы мәліметтерге сүйенер болсақ, коронавирустық инфекциядан 375 өлім жағдайы тіркелді, оның ішінде БҚО-да 22 адам.
Елімізде барлығы 35 911 адам COVID-19-дан емделіп шықты. Оның ішінде БҚО бойынша 3211 адам. Облыста өткен тәулікте 125 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Ахуалға байланысты күшейтілген карантиндік шаралар тамыз айының екісіне дейін ұзартылды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.