Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпсіз жол

c 17:12, 04/10/2019 c 741

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы «Юбейлейная» аялдамасы тұсына жаңа типті бағдаршам орнатылмақ. Бағдаршам күн сәулесінен қуат алып жүргіншілер өткелін жарықтандыратын болады. Әзірге облыс орталығана бір қондырғы тәжрибеден өтпек. Дәлірек айтсақ, ғылым мен ұштастырылған бағдаршам «Марина» дәмханасының тұсына қойылмақ. Бұл ауданда бірнеше білім беру ошақтары болғандықтан, мектеп оқушылары көп жүреді. Жоба қалалық әкімдік пен жеке компания арасындағы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырырылмақ. Шамамен бір бағдаршамының құны 10-млн. теңгені құрайды. Күн сәулесінен қуат алатын құрылғы тұрғындар үшін өте қолайлы. Тіпті түн қараңғысында жолдан өтер сәтте жарық шашып тұрады.
Мұндай құрылғылар Атырау, Ақтау қалаларында сәтті сынақтан өткен. Тапсырыстар өзге де облыстардан түсіп жатқан көрінеді. БҚО ПД мамандары таратқан ақпаратқа сүйенсек облыс орталығына жол қозғасылын реттеуге биыл 10 бағдаршамда көрсетілген түске қосымша жарық жүйесі жабыдықталған. Ал реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелінің 30-ға жуығы екі жағынан қосымша жарықпен жабыдықталған. Әзірге күн сәулесінен қуат алатын бағдаршам бір жерге қойылмақ. Ал облыс орталығына дәл осындай 10 жерге құрылғы қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.