Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қате аяқ астында

c 17:15, 27/02/2019 c 858

0:00 / 0:00

Қар мен мұздақтың салдарынан аяғы мен қолы шығып, басын жарып жерден таяқ жегендер саны артып отыр. тайып құлап майып қалмас үшін дәрігерлер тұрғындардың өздеріне сақ болуға шақырады. Әсіресе жасы келген қариялар үйден ұзап шықпағаны дұрыс. Сақтансаң сақтармын демекші аталған топтағы жандардың сынған қол аяғы оңайлықпен қалыпқа келуі де ұзақ күтімді қажет етеді.Қалың қар мен қатқан мұз тұрғындарды әбден әбігерге салуда. Әсіресе, облыстық ауруханының травматология бөліміне ағылған халық пен жедел жәрдеммен көмек алуға келген тұрғындардың қарасы қалың. Мұзға тайып, құлаушылар арасында, әсіресе, жасы ұлғайған адамдар көп.  Бүгін таңғы онға дейін 25 науқас дәрігерлер көмегіне жүгінсе, жыл басынан бері  мыңға жуық батысқазақстандық ем алған. Қар мен тайғақ тұрғындар үшін әсіресе таңғы уақытта қиындық туғызады. Дәрігерлер өткен жылы зардап шеккендердің саны артық болған дейді. Дегенмен, бұл сандар әзірге нақты емес, мамандардың көмегіне жүгінетіндер әр сағат сайын емес, 20 минут сайын өзгеріп отырады.Сондықтан ертеңге сандар мүлдем басқаша болуы мүмкін. Ал, көшедегі көктайғақтың алдын алу жұмыстары қарашадан басталғаны сізбен бізге аян.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.