Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлер шағымы

c 16:31, 08/11/2019 c 663

0:00 / 0:00

Оралдық техникалық бақылауды жүргізетін компаниялар мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер енгендіктен, тендерге қатыса алмай отырмыз деп шағымдануда. Құрылыс саласында талай жыл жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер жаңа заңнамаға өзгерістер енбесе, тақырға отыруымыз мүмкін,- дейді. Бизнес субьектілері шағымдарын кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде айтып берді.

Оралдық құрылыс барысында техникалық тексеріс жүргізетін компаниялар биыл өзгеріске ұшыраған мемлекеттік сатып алу заңнамасынан зардап шегіп отыр. Жеке кәсіпкерлер соңғы 4 жылда мемлекеттік сатып алуларда ақшаны тек ең көп салық төлеген алып монополисттер ұтып алады, егер осылай жалғаса берсе, біздер тақырға отырамыз деп дабыл қағуда.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылған кеңесте бизнес субьектілері заңнама талаптарынан зардап шегудеміз деп шағымдарын жеткізді. Жеке кәсіпкер облыста ұйымдастырылған тендердің барлығын ұтып алған компаниялар түрлі салада еңбектенеді. Сол себепті олар салықты көп төлеп отыр, - дейді. Ал, біздің өңірлік компаниялар тек құрылыстағы техникалық бақылаумен айналысады. Сала мамандары мемлекеттің қыруар қаржына салынып жатқан нысанының сапалы болатындығына да күмәнмен қарайтынындықтарын да жасырмайды. Кеңес мүшелері аталмыш мәселеге байланысты тексеріс жүргізу керек деп отыр.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын кеңесте бизнестің дамуына тұсау салатын жағдайттар кеңінен талқыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.