Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлер дауы

c 20:14, 23/10/2019 c 515

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтандағы бизнес орталығына қатысты дау-дамай әлі де жалғасуда. Үш жылға созылған жанжалды іске сот нақты нүкте қоя алмай отыр. Сауда орнына елдегі екінші деңгейлі банктердің бірі таласуда. Мыңдаған шаршыметрді құрайтын коммерциялық алаң қазір кепілге алынған. Сол жерде саудасын, кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлер өз мүлкінен айырылу үстінде.  Мүлік иелері бұл жағдайды қаржылық ұйымның рейдерлік әрекеті деп бағалауда. Қазір өз мүлкі үшін кәсіпкерлер банкпен соттасып жатыр.  Жиырмаға жуық елордалық кәсіпкер сотпен жеңіске жететіндеріне сенімді.  Алайда бүгін өткен сот отырысында да бұл іс бойынша нақты шешім шықпады.

«Жетінші континент» бизнес орталығына қатысты туындаған даулы іс бойынша БАҚ беттерінде, бұған дейін де ақпарат шыққан болатын. 2016 жылы басталған теке-тірес әлі жалғасуда.  Сауда орталығында өз кәсібін жүргізіп отырған бизнес өкілдері мемлекет басшысына да, бас прокуратураға да шығып жанайқайын  жеткізгенді.  Кезінде құрылыс компаниясынан сатып алған мүліктері, «Нұрбанктің» меншігі екенін білген кәсіпкерлер өз мүлігі үшін күресуге дайынбыз деп отыр. Олардың айтуынша, банк осы ғимаратты салған құрылыс компаниясынан талап етуі керек. Егер банк сотпен жеңіп шықса, млндаған несиелерін немен жабамыз деп қиналып отыр. Жүздеген жұмысшы жұмыссыз қалады. Ал Банк болса, кәсіпкерлерден өз мүлкі үшін жалға алу құнын  төлеуді талап етіп отыр.

Аталмыш банк осы ғимаратты салған "Shyryn LTD"  компаниясына  дағдарыс кезінде 100 млн доллар қарыз берген. Алайда, осы қарызды өтеу жүргізілмеген. Сауда орнына таласып отырған Нұрбанк бұл  қарызын іздемеген.  Енді еш қамсыз кәсібін айналдырып отырған бизнес өкілдерінен талап етуде. Кәсіпкерлер осыны түсіне алмай отыр. Ал банк өкілдері болса, бизнес орталығындағы барлық офистер мен сауда нүктелері банкке тиесілі, себебі құрылыс компаниясы орталықты салып жатқанда банкке кепілге қойған деп дейді. Енді банк өзіне тиесілі бизнес орталығын даулап алуды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.