Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қашықтан оқыту

c 17:05, 06/04/2020 c 450

0:00 / 0:00

6-сәуірден бастап қазақстандық білім беру жүйесі қашықтан оқытуды қолға алды. Қазақстандық оқушылар 4-ші тоқсанда үйден отырып, білім алатын болады. Бұл жаңашылдық ұстаздар, оқушылар мен ата-ана үшін біраз қолайсыздық тудырып, алаңдатқаны рас.

Күллі әлемде таралған індет қазақстандық білім беру жүйесіне біраз өзгерістер енгізді. Мінекей, екі жұма бұрын каникулға шыққан оқушылардың баршасы 4-ші тоқсанда үйде отырып, қашықтан білім алады. Еліміздің бас педагогі жұма күні ата -ата мен ұстаздарды толғандырған мәселелерге нүкте қойып, қашықтан оқыту процесін онлайн оқумен шатастырмау керектігін атап өтті. Сол себепті қашықтан оқу бірнеше тәсілі арқылы жүзеге аспақ.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 108 мың оқушы білім алуда. Олардың 91,5 пайызында компьютер мен смартфон бар. Облыстың бас педагогігінің келтірген дерегі бойынша, оқушылардың 86 пайызы ғаламтормен жұмыс жасайтын мүмкіндікке ие.

1- сәуірде қазақстандық педагогтар жаңа білім беру процесі бойынша алғашқы сынама сабақтарын беріп, қашықтан оқытудың оңтайлы жолдарын іздестірген болатын.

Еліміздің бас педагогі жаңа білім беру жүйесіне бейімделіп, сабақ беруін жаңа форматта жалғастырып жатқан мұғалімдерден ешкім есеп талап етіп, оларды тексере алмайтындығын кесіп айтты. Министр ұстаздарға сенім арту керек,-дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.