Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қашықта оқыту форматы

c 21:41, 28/08/2020 c 1243

0:00 / 0:00

Әлемді жайлаған коронавирус індеті адамзаттың өмір сүру салтын бірден өзгертті. Қашықта отырып жұмыс істеу, онлайн режимде білім алу үрдісіне көштік. Елде індет жайлағалы қазақстандық оқушылар мектепке бармай-ақ, үйде отырып онлайн сабақ оқуды да меңгеріп қалды. Санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы да басталады. Оқушылар әдеттегідей сайланып мектепке бармайды. Үйде отырып-ақ, білім алуын жалғастырады. Тек бастауыш сыныптар үшін ғана мектептерде кезекші топтар жұмыс істейді. Ал оқушыларға қашықта оқудың форматы ұсынылуда. Мектептер онлайн оқыту платформасын пайдаланбақ. Нұр-Сұлтан қаласының Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, елорадлық мектептер BilimLand пен Daryn.online платформаларын қолданылады

Заман талабына сай  технология дамыған сәтте, оның артықшылығын меңгеріп, игерген де жөн шығар. Ал елдегі пандемия барысында онлайн режимде жұмыс істеп, білім алып, барлық шаруаңды онлайн шешіп үйреніп, төселіп те қалдық. Алғашқы қоңыраудың соғылатын сәті де келіп қалды. Қазақстандық оқушылар аңа оқу жылында қашықтан оқыту форматын игеруі тиіс. Ендігі еліміздің мектептері білім платформасын қолданып, оқушылармен қашықта оқу әдісін меңгереді.

Ал аз қамтылған отбасындағы балаларды компьютермен, интернетпен қамту мәселесі 100 пайыз орындалды дейді басқарма басшысы. Елордада 34 472 компьютер сатып алуға шарт жасалған. Әзірге 9 мыңнан астам компьютер, 13 300 роутер таратылды. Бұл жұмыс жалғасын таппақ. Алайда, мыңдаған оқушы бір мезетте онлайнда отырғанда білім беру порталдары бұл жүктемені еңсере ала ма деген күмән бар.

Айта кету керек  қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда 117 мектеп жұмыс істейді.

Мектеп оқушыларының саны 202 мыңнан асады. Сондай-ақ, 1-сыныпқа 26 мыңнан астам бала қабылданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.