Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қашан тазаланады

c 16:39, 18/03/2019 c 459

0:00 / 0:00

Қала тұрғындары қоқыс ортасында  күн кешуде. Өйткені коммуналдық кәсіпорындар өздерінің міндеттерін орындауға асығар емес. Тұрмыстық қалдықтар тіпті апталап шығарылмаған. Себебі неде, тілшіміз жауап іздеп көрді. Мұнадай көрініс  Айгүл аталып кеткен шағын аудандағы  көп қабатты үйдің тұрғындары үшін үйреншікті жағдай. Өйткені бірнеше күн бойы қоқыс мүлдем шығарылмапты. Тұрғындар күніне бірнеше рет коммуналдық кәсіпорындар мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандарына қоңырау шалуда. Қызметтің ақысы дер кезінде төленеді екен. Сондай-ақ тұрғындар жәшіктердің дұрыс орналаспағандығын айтады. Олар үйге "тиіп тұр". Қаланың өзге аумағында да осындай көрініс. Мәселен, мынау 13-ші мектеп маңы.  Қораптар, пакеттер, бөтелкелер мен бос ыдыстар - осының бәрін жолдың үстінен табуға болады.  Оралдықтар  мереке қарсаңында қаланың, қоқысқа толғанына наразы. Ал жауапты мекеме өкілдері былай түсіндіреді.
«Орал таза сервис» ЖШС қызметкерлері күнінен шаһар территориясынан 150 тонна тұрмыстық қалдық шағатынын айтады. Ал бұл жұмысқа 25 техника 2 трактор, және 3 камаз тартылады екен. Негізгі мәселе ауладағы қарлардың уақытылы тазалабауынында дейді коммуналдықтар, бұл орайда тұрғын үй маңындағы қарларды ПИК аршитынын еске саламыз. Ендеше қос тарап бұл мәселенің шешімін табады деген ниеттеміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.