Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаруды сақтау ережесін бұзған 72 факті тіркелді

c 16:28, 10/12/2020 c 1154

2020 жылы Орал қаласында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында 72 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Сала мамандары олқылықтардың дені қаруды сақтауға арналған ережелердің дұрыс орындалмауынан дейді. Атап айтар болсақ, мылтық немесе тапаншалардың иелері дабыл жүйесін орнатпаған немесе дабыл жүйесі жөнді жұмыс жасамайтыны анықталған. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам оралдық 6000-нан астам қаруды үйінде сақтап отыр. Құқық қорғаушылар енді қару алу мен оның рұқсат қағазын жаңарту үшін полицияға келудің қажеті жоқ екендігін ескертеді. Барлық өтінішті Егов порталы арқылы жіберу қажет. Мамандар он бес жұмыс күнінің ішінде жауап береді.

Сурет ғаламтордан жүктелді ://mfcgos.ru/statyi/razreshenie-na-oruzhie-kak-ego-oformit

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.