Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәріз коллекторындағы апат

c 17:34, 27/02/2020 c 334

Кәріз коллекторында орын алған апатты қалпына келтіру жүргізілуде. Оралдағы Шолохов көшесі бойында жер опырылып, ағын суға арналған кәріз коллекторында апат орын алды. Оқиға 26 ақпан күні кешкі сағат 22.30-да болған. «Батыс су арнасы » ЖШС директоры Қайырғали Имашевтің мәліметінше, қазір апаттық-қалпына келтіру бригадасы коллектордың солтүстік жағынан ағынды суларды уақытша қотару үшін мотопомпалар орнатқан. Бұл жердегі құдықтардың арасындағы қашықтық 75 м құрайды. Осыған ұқсас жағдай келесі аралықта да пайда болуда, мұнда құдықтар арасындағы қашықтық 120 м құрайды. Бұл жерде «Батыс су арнасы» ЖШС өз күшімен 2-ші мотопомпаны орнату бойынша жұмыстар жүргізуде. Жалпы проблемалық учаскенің қашықтығы 195 м.-ді құрап отыр. Дегенмен, аталмыш кәсіпорын әлеуметтік-мәдени мақсаттағы бірде-бір нысанда су ажыратылмағанын хабарлады. Сонымен қатар, Д.Қонаев, 4-ші шағын аудан, Солтүстік-Шығыс, Строитель шағын аудандарынан ағынды суларды бұру үшін 14-КСС, 16-КСС және 5-КСС-тан ағынды суларды бұруды Чагано-Набережная көшесі бойынша орналасқан бас КСС-қа қайта қосу жүзеге асырылды.Қазіргі уақытта «Батыс су арнасы» ЖШС тарапынан жұмыстар суды беруді тоқтатусыз жүргізуде. Жерасты сутартқысынан жүргізілуде, алайда ағынды суларды бұру бойынша жүктемені азайту үшін қысымды төмендетті. Қаланың орталық бөлігі, сонымен бірге қаланың басқа да шағын аудандары қалыпты тәртіпте сумен қамтамасыз етілуде. Айта кетейік, дәлі осы Шолохов көшесі бойындағы кәріз коллекторында бұған 2018 жылдың сәуірінде апат болған еді. Аталған коллектор 2009 жылы пайдалануға берілген. БҚО құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «Орион Строй Сервис» ЖШС мердігерлік компаниясы шыныпластиктен диаметрі 1000 мм-лік құбыр салған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.