Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

c 17:37, 01/10/2021 c 1620

0:00 / 0:00

1-қазан халықаралық қарттар күні! Осы атаулы датаға орай облыс орталығында мерекелік концерт өтті.

"Қарты бар ел-қазыналы ел",- демекші, Қазақстан халқы 1-қазанда халықаралық қариялар күнін кеңінен атап өтеді. Бұл дәстүр биыл да өз жалғасын тапты.

Оралдың әнші, биші өрендері өнерлерін ортаға салып, мың бұрала билеп, ән шырқады.

Салтанатты жиында шаһар басшысы саналы ғұмырын еңбек етуге, елдің мүддесі үшін іс тындыруға арнаған қарияларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Қаланың ардагерлер кеңесінің төрағасы да ақсақалдарға жүрек жарды пікірін жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.