Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантиндік шектеулер жеңілдетілді

c 17:12, 12/08/2021 c 1062

Батыс Қазақстанда «Ашық» жобасымен нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді. Карантиндік шектеу шараларын енгізуге қатысты БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 11 тамыздағы жаңа қаулысы шықты.Енді «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың қызмет мерзімі ұзартылды, олар демалыс күндері де жұмыс істей алады. Мысалы, базарлар осыған дейін сағат 17.00-ге дейін ашық болса, бұдан былай «Ashyq» жобасымен өз кестесіне сәйкес жұмыс істей алады. Сол секілді сауда үйлері «Ashyq» жобасымен сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді.«Ashyq» жобасына қатысатын монша, сауналар да өз кестесіне сәйкес жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер санитарлық талаптарды сақтай отырып, демалыс күндері де жүретін болды. Еске сала кетейік, БҚО-да соңғы төрт күнде 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.