Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантиндік шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін

c 18:25, 17/03/2021 c 575

0:00 / 0:00

Жиында БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков «қызыл» аймаққа кірген өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. А.Қалибековтің сөзіне қарағанда, осы кезге дейін 13878 адам коронавирус жұқтырса, соның 7938-і немесе 57,1 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді.Қала әкімі Абат Шыныбеков шаһар бойынша 22 мониторингтік топпен наурыз айы басталғалы кафелер мен мейрамханаларда  11 бұзушылық фактісі тіркелгенін атап өтті.  Қазір дәмхана-мейрамханалар сағат 00.00-ге дейін жұмыс жасауда. Мониторингтік топтар бақылау шараларын жалғастыра береді. Десе де, өңірдің «қызыл» аймаққа енгенін ескере отырып,  қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс уақытын 22.00-ге дейін қысқартуды ұсынды Абат Шыныбеков. Облыс басшысы Ғ.Есқалиев мектептерде, сондай-ақ автобустарда, қоғамдық тамақтандыру орындарында санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтіп, қажет болған жағдайда карантиндік шараларды қатаңдату керектігін атап көрсетті.Сондай-ақ облыс басшысы Наурыз мейрамына орай мерекелік шараларды онлайн түрде ұйымдастыруды тапсырды. Карантиндік талаптарға байланысты нақты шешім бейсенбі, 18 наурыз күні шығарылмақ. Егер эпидемиологиялық ахуалдың қолайсыздығы жалғаса берсе, шектеу шаралары қатаңдатылады

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.