Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ АЗАЙМАЙ ТҰР

c 17:07, 07/04/2021 c 636

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында карантиндік талаптар күшейтілді. Сәйкесінше тексеріс жұмыстары да көбейді. Коронавирус індетіне тосқауыл қою мақсатында облыс көлемінде кешелі бері ауқымды іс- шаралар жүргізілуде. Жауапты мамандар қоғамдық көліктегі жолаушылардың бетперде тағуларын, санитарлық нормалардың сақталуын талап етуде. Екі күн ішінде 80-ге жуық қоғамдық көлік жіті тексіріліп, 6 жолаушыға хаттама толтырылған.
Хаттама толтырылған жолаушылар қоғамдық көліктердегі санитарлық талаптарды сақтамау дерегі дәлелденсе 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Кезекті тексеріс кезінде бірқатар талап бұзушылықтар анықталған. Нақтылап айтсақ, қоғамдық көліктің жүргізушісі де бетперде тақпаған. Естеріңізге салсақ, қаулыға сәйкес қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары жолаушылардан бетперде тағуын міндетті түрде талап етуі керек.
Қатаң ескертулерге қарамастан санитарлық талаптарды ескермейтіндердің қатары азаймай тұр. Бұл талаптарды сақтау індеттің жаппай таралуына жол бермеу үшін қажет екенін көпшілік түсінбейтін сыңайлы. Сол себепті де БҚО әлі күнге дейін қызыл аймақтан шыға алмай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.