Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин талаптарын бұзғандар азаймай тұр

c 16:49, 01/02/2021 c 377

0:00 / 0:00

Орал қаласында демалыс күндері санитарлық талаптарды бұзған 24 дерек тіркелген. Бұл туралы мониторингтік топтың өкілдері хабарлады. Олқылықтардың көбі сенбі күні анықталған.

БҚО "қызыл" аймаққа енгесін бас санитарлық дәрігер шектеу шараларын күшейтті. Осы тәртіптің орындалуын қадағалау үшін мониторингтік топтың мүшелері атқа қонды. Сенбі күні кешкісін басталған рейдте қаланың орталығында орналасқан кальян-барға табан тіреді.

Мониторингтік топтың өкілдері күзетшіні сұрақ астына алып, бардың жұмыс жасап тұрғанын анықтады. Нысанның есігі құлыптаулы болды. Мамандар төтеншеліктерді шақыртып, есікті бұзып кірді.

Құлыптаулы тұрған есікті ашқанда ішінде жан баласы болмады. Бірақ терезе ашық.

Мониторингтік топ тексерген екінші нысан сауда үйлерінің бірінде орналасқан компьютер клубы. Оқиға орнында болған полиция қызметкерлері ғимараттан атып шыққан бір топ адамды бейнежазбаға түсіріп алады. Есікті бұзып кірген шақта нысанның ішінде ешкім болмады.

Жалпы Орал қаласында қаңтар айында санитарлық талаптарды бұзған 45 факті тіркеліпті. Олардың 37-сі жұмыс уақытын бұзса, 7 дерек жұмыс кестесіне сай қызмет көрсетпеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.