Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин режимі жеңілдетіледі

c 08:00, 22/04/2020 c 454

0:00 / 0:00

Елде карантин режимі жеңілдетіледі.  Премьер-министр Асқар Мамин бүгін өткен үкіметтің онлайн отырысында  эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, тағы бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат берілетінін айтты. Премьер бұл жеңілдік тек санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана жасалатынын баса айтты. Енді еліміздің басқа өңірлерінде карантиндік режим жеңілдетіліп, кәсіпорындар жұмысын бастайды. Өздеріңізге мәлім, кешеден бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бірқатар сала бойынша жұмыс басталғанды. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша,  COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1900 науқастан асты. Осы індеттен 450-ден аса адам жазылып шықты.  19 адам көз жұмды.

Үкіметтің онлайн отырысы еліміздің бас дәрігерінің баяндамасымен бастау алды. Елжан Біртановтың берген мәліметіне сүйенсек, елде қауіпті індеттің таралуы саябырсымай отыр. Өткен тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны 140 адамнан асып жығылады.  Індетті жұқтырған науқастар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Одан кейін Нұр-Сұлтан және Қызылорда облысы. Министрдің айтуынша, жалпы Қазақстан бойынша ата жаман аурудың таралу деңгейі 8,2 пайызды құрады.

COVID-19 вирусын жұқтырғандардың басым бөлігі скриниг тест нәтижесінде анықталып отыр. Елдегі бұл келеңсіз жағдай халықтың жүріп-тұруына, жұмысқа кедергі болып тұр. Бір айдан аса төтенше жағдай режимінде қатаң карантин талабымен өмір сүріп жатқан қазақстандықтарға бұл оңайға соғып отырған жоқ. Кешеден бері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бірқатар бизнес субьектілер, кәсіпорындар жұмысы жанданды. Енді үкімет басқа өңірлердің де карантиндік режиімін жеңілдетпек.

Осылайша, елдегі қиын жағдайға қарамастан ақырындап тіршілік етуге тура келіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.