Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАҢТАР АҚИҚАТЫ

c 19:06, 28/12/2022 c 185

0:00 / 0:00

Қаралы қаңтардың ақиқаты толық ашылмай отырғанын депутаттар да мойындайды. "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері бас прокуроры Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, қаңтар трагедиясын тергеу туралы сұрақтарға жауап беру үшін Мәжілістің жалпы отырысына келуге шақырды. Халыққалаулылары қаңтар оқиғасы бойынша толық түсінік қажет екенін айтады.

Қаңтар трагедиясының орын алғанына жыл толды. Әзірге құзырлы орган-прокуратура тергеу жұмысы толық аяқталмағанын мәлімдеді. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы төңкеріс жасауға ұмтылғандардың басында белгілі саяси лауазымдағы адамдардың болғаны анық екенін айтады. Іштен шыққан жаулар, мұқият ойластырылған ауқымды операцияда, кәсіби дайындықтан өткен баскесер-содырларды еш тартынбастан пайдаланды. Дегенмен, қаңтар оқиғасына қатысты толық түсінік жоқ дейді депутат Жаңбыршин. Депутаттық топ Бас прокурор Берік Асыловтан жаңа жылдың басында Мәжілістің алғашқы жалпы отырысына келіп, бүкпесіз ашық жауап беруді талап етті.

Өздеріңізге мәлім, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов орынбасарларымен бірге қаңтар оқиғасына қатысы бар, мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталуда. Депутаттың айтуынша, қаралы қаңтарды ұйымдастрығандардың ішінде елге белгілі адамдар да болуы мүмкін.

Бас прокуратураның хабарлауынша, қаңтар оқиғасында зардап шеккен отбасыларға 1,1 млрд теңге материалдық көмек берілді. Бұған қаражат «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан бөлінген. Еске сала кетейік, қасіретті қаңтарда 238 адам, оның ішінде 219 бейбіт тұрғын, құқық қорғау органдарының 19 қызметкері қаза болды. 16 медицина қызметкері, өрт сөндіру қызметінің 34, құтқару қызметінің 8 маманы дене жарақатын алды. Жалпы, сотқа 673 қылмыстық іс жіберілді. Олар бойынша 1 222 тұлға сотталды, оның ішінде 160 тұлға бас бостандығынан айырылды - деп хабарлайды құзырлы орган.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.