Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қант диабетімен науқастанған балалардың саны көбеюде

c 15:51, 20/04/2018 c 760

0:00 / 0:00

Өңіріміздің дәрігерлері қант диабетімен сырқаттанатын балалардың саны жылдан жылға артып келеді деп дабыл қағуда. Биылғы жылдың төрт айында қант диабетімен науқастанған он бала тіркелген. Ақ халатты жандар бұл кеселге түрлі инфекциялар арқылы шалдығуы мүмкін,- дейді. Себебі ұйқы безі бұзылған тұста, адам ағзасы инсулинді тиісті бөле алмайды.

Әлемде әрбір алты секунд сайын бір адам қант диабетінен көз жұмады. Өткен жылы қант диабетімен науқастанған Қазақстандықтардың саны 300 мыңға жеткен. Олардың 3000 балалар көрінеді. Аталмыш көрсеткіш балалалар арасында жылдан жылға артып келеді. Мәселен, былтырғы жылы облыс бойынша 12 бала қант диабетімен сырқаттанса, биылғы жылдың төрт айында осы кеселмен науқастанған балалардың саны 10-ды құрап отыр.

Дәрігерлер қауымы биыл науқастанған балалардың басым көпшілігі 7-8 жаста,- дейді. Ағза бөле алмаған инсулинді екпе немесе помпы арқылы ем-дом қабылдаудың арқасында өмір сүруге болады. Инсулин тапшылығына шалдыққан балалар педиатрдың үнемі қадағалауында болып, ай сайын эндокринолог дәрігерге барып көрінеді. Қант диабетіне шалдыққан бүлдіршіндер алты сайын стационарлық ем қабылдаулары шарт.

Қазіргі таңда, Батыс Қазақстан облысы бойынша 100 бала қант диабетімен науқастанған. Олардың 54і помбо арқылы ем дом қабылдап отырған бүлдіршіндер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.