Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаңғыбас иттерге құрық салынады

c 17:31, 25/09/2020 c 783

0:00 / 0:00

Биылғы жылы Оралда ешқандай мекеме бұралқы ит пен мысықты ауламады. Сол себепті жануарлар адамдарға шауып, қаз, үйрек пен тауықтарды жеп кетіп отырған. Осы тұста қала тұрғындары қараусыз жүрген жануарларға шағымдана бастады. Ал ветеринария бөлімі негізі жылдағыша байқау өткізген. Оның жеңімпазы «Қарашығанақ ПромСервис» компаниясы атанған. Бірақ мердігер қала шетіндегі ауданда бұралқы иттерге арналған арнайы орын салуға тұрғындардың қарсылығына байланысты жұмыс жүргізуден бас тартты. Қайтадан тендер ойнатуға мәжбүр болдық дейді жауапты мамандар.
Қажетті жұмыстар Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ветеринарлық клиникасының базасында жүзеге асырылады. Бір итті аулауға 2600 теңге, био-залалсыздандыруға 5500 теңге, ал ұрғашы итке 11000 теңге жұмсалатын көрінеді. Операцияларды тәжірибе жинақтау мақсатында университет студенттері де жүзеге асыратын болады.
Операциядан кейін қала тұрғындары жануарларды үйіне әкете алады. Оған қоса, итке төлқұжат беріліп, жыл сайынғы екпе жасалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.