Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалпына келтіру жұмысы жүруде

c 17:58, 02/05/2018 c 877

0:00 / 0:00

Оралдағы кәріз коллекторында 30 сәуір күні апат болды. Топырақтың опырылып құлауы салдарынан бір метрлік құбыр зақымданған. Қазір қаланы сумен қамту шектелген. Коммуналдықтар жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын айтады. Бұл жұмыстарды аяқтауға терең шұңқырды толтыра аққан кәріз сулары кедергі келтіруде. Шолохов көшесіндегі кәріз коллекторы 2008 жылы салынған. Бұндағы құбыр шыны талшықтарынан жасалыпты. Апат та осы құбырдың майысып, опырылуынан болған. Апат орнында қазір арнайы техника 7 метрлік шұңқыр қазуда. Коммуналдықтар болған жағдайдың салдарынан 74 метрге жуық құбырдың жарамсыз болып қалғанын айтады.

Асылбек Амиров
техникалық директор
Су сорғыш станцияны тоқтату жөнінде шешім қабылданды. Себебі кәріз сулары толассыз ағып жатты. Сәуірдің 30ынан бастап жұмыстар басталып кетті. Арнайы техника жұмылдырылды. Осылайша тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің келісімімен сумен қамту тоқтатылды.

Жер жұмыстары әлі жүріп жатыр. Кәріз сулары болса, сорғыштармен алынуда. «Батыс су арнасы» ЖШС-ң жұмысшылары қалпына келтіру жұмыстарының қашан аяқталарын дәл айта алмай отыр.

Асылбек Амиров
техникалық директор
Жаңа шағынаудандарға 12ден 15/00ге дейін, және 18/00ден 21/00ге дейін су беріледі.

Ал бұқара халық судың болмайтыны туралы неге ертерек хабар берілмеген деп ашулы. Ауыз суын сататын дүңгіршектердің маңында кезек күткен халық көп.

қала тұрғыны
Барлығымызда бірдей су тоқтап қалды , бұл масқара ғой. Судың мәселесі біздің алтыншы шағынауданда өте өзекті. Жаз болғанда ыстық су болмайды. Ал салқын судың түсі үнемі сап-сары. Қазір тағы су жоқ. Кеше түскі уақытта суды тыйып тастады. Кешке қайта сары түсті суды берді. Екі күн бойы кішкентай балалармен сусыз отырмыз. Жуына да алмаймыз.

Коммуналдықтар бүгінде қалпына келтіру жұмыстарын ертерек аяқтауға тырысуда.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.