Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаламыздағы тынымбақтар қатары тағы да бір жаңа тынымбақпен толықты

c 00:00, 13/07/2015 c 756

0:00 / 0:00

Бірақ, бұл тынымбақтың бір ерекшелігі әдеттегідей мемлекеттің қаржысына емес, өлкеміздегі еріктілер мен жеке кәсіпкерлердің қол ұшын беруімен салыныпты. Қаламыздағы Құрманғазы көшесі бойындағы 104 үйдің ауыласынан салынған саябақтың салтанатты ашылуына, бірқатар қалалық басқару орындарының да басшылары барып қатысып, бұндай игі шараларға қалалықтарды көптеп ат салысуға шақырды. Өткен жылдың аяғында, осынау орыннан халық тынығатын саябақ салуға бел буған, бар-жоғы 8-ақ студенттен құрылған "Сана" дамыту орталығына, ойлаған игі амалдарын іске асыратын жол табылды да. Тынымбақ тұрғызуға қалталылардан қаржы жинауға ұйғарған, белсенділердің қолына нәтижесінде 1 миллионның мөлшерінде қаражат жиналған. Ал, тынымбақтың қалған қажетті құрал жабдықтарын жомарт та жанашыр жандар сыйлаған. Тынымбақ тұрғызуға осынау орынның таңдалуына себеп, тұрғындардың айтуынша бұл жерде бұрындары саябақ болса керек. Күтімсіз қалған алаңды, орынды пайдалана білген мамандар мен шаһарымыздың еріктілері, ендігі тынымбақтың күтімге алануын, қадағалануын қалалық ТҮКШ қарауына табыстап, берді. Еріктілер өз еңбектерімен жабдықтаған алғашқы тынымбақтарының атауын "Сүйікті әлем" деп атады. Енді ТҮКШ қарауындағы демалыс алаңына теректер отырғызылып, гүлдер егіліп, қажетті құрылғылар орнатылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.