Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалада 67 бейнебақылау құрылғысы жұмыс жасайды

c 17:07, 18/11/2021 c 1273

0:00 / 0:00

БҚО мәслихат депутаттары ПД ғимаратында болып, өңірде заң бұзушылықтың алдын-алуда атқарылып жатқан жұмыстың барысымен танысты. ПД бастығы Махсудхан Аблазимов халық қалаулыларының сұрақтарына жауап берді.Қауіпті бұрылыстар мен көше бойларына 40 бейнебақылау аппараттары орнатылды. 23 -ші қазаннан бастап құрылғылар штаттық режимде жұмысқа көшті. Аталмыш жылдамдық өлшегіш құрылғыларды қою үшін бюджеттен 314 миллион теңге қаражат бөлінген. Халық қалаулыларын тұрғындардың құқығын қорғау мен заң бұзушылықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырған облыстың бас полицейі Махсудхан Аблазимов қарапайым бұқарамен құқық қорғау өкілдері арасындағы байланыс артқанын атап өтті.БҚО ПД жедел басқару орталығының мамандарының дерегінше, бұл құрылғылар жол қозғалысын ретке келтіріп қана қоймай, құқық бұзушылық шараларының алдын-алуда орын алған қылмыстардың ізін суытпай ашуға сеп болмақ. Аталмыш құрылғылар арқылы сала жұмысы жанданып, сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолы кесіледі.Оралда өткен жылдың 19-шы тамызынан бері алты «Арқан» ақпараттық жүйесі жұмысын бастады. Бұл шара да аумақ бойынша жол ережесін бұзудың алдын-алу бағытында қолға алынды. 2014 жылдан бері үш интеллектуалды қиылыс камералары Сырым Датов пен Юрий Гагарин көшесінде, Абай мен Құрманғазы және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Мұстақым Ыхсанов көшесінің қиылыстарында іске қосылды. Бұдан басқа 2008 жылдан бері шаһарда алты «Мираж» жол бойындағы жылдамдықты бақылау бейнеқұралы бар. Олармен анықталған заң бұзушылықтар бойынша айыппұлдар тұрғындардың жеке есепшотына жіберіле береді. Талдаулар нәтижесінде жылдамдықты шектен тыс асыру адам өлімінің негізгі себебі екені белігілі болған. Сондықтан өмірді сақтауда бұл атқарылған іс нәтижесін беретініне сеніммен қарайды жол сақшылары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.