Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала жолдары суға толған

c 16:31, 25/03/2021 c 614

0:00 / 0:00

Орал көшелері суға толуда. Ал кейбір аумақта коммуналдық мекеме қар шығарып үлгермей жатыр. Биыл өңірде қар жылдағыдан 40 пайызға мол түскен. Енді еріген қар суы қаладағы жер үйлерді су басуы мүмкін. Биыл жұрт коммуналдық мекеменің жұмысына өкпелі. Жалпы шаһарда 40-қа жуық қауіпті аумақ белгіленген. Күн күрт жылынса, әсіресе, жеке үйлер суға кетуі мүмкін.Ал жауапты кәсіпорын басшысының айтуынша, қала аудандары аумаққа бөлініп, тазартылып жатыр. Қар шығару мен еріген қар суын сорғызуға 150-ге жуық техника мен 100-ден аса адам жұмылдырылған. Қосымша кәсіпорындардан мотопомпалар да тартылуда. Еріген қар суының қаупі төнген үйлер де бар көрінеді. Көлкіген көшелерде қармен бірге асфальт та еріп, шұрық-тесік ой-шұқырлар көбейген. Синоптиктер өзендердегі су деңгейі де сәуір айында көтерілуі мүмкін деп болжап отыр. Қазір сең кептелісін болдыртпас үшін сірескен мұз жарылуда. Ал қаладағы қар шамамен сәуір айының алғашқы он күндігінде толықтай тазартылатын болады. Жалпы, өңірде 85 елдімекенді су басуы ықтимал. Әсіресе, өзен жағалауында орналасқан ауылдарға қауіп бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.