Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала көшелерін жөндеуге 300 млн. теңге жұмсалмақ

c 17:15, 19/03/2021 c 941

Күн жылып, жер кебісімен облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқын алады. Биыл бұл мақсатқа 300 млн. теңге қарастырылған. Мердігер компаниялар жұмыс ауқымына қарай сәуір-мамыр айларында іске кірісіп, қыркүйекте сәтін салса барлық жолды аяқтап тапсырамыз деп жоспарлап отыр.Биыл бірқатар көшелердің жолы қайта қалпына келтірілсе, сол сияқты жеке секторлар жолдарының қиылыстарына да жөндеу жасалады. Былтыр басталған қала ішілік он үш көшенің жолы биыл аяқталатын болады. Қосымша тағы үш көшенің жолына күрделі жөндеу жүргізілмек. Оған бюджеттен қаражат қарастырылған.
Шаһар басшылығы санмен қоса сапаға да жіті көңіл бөліп отыр. Өйткені жаңа салынған жолдың көпке бармай, шұрқ-тесік күйге түсуі жиі кездеседі. Бұл ретте мердігерлердің кепілдік мерзімі ұзартылған. Орал қаласында жол жөндеу жұмыстарымен «Адал арна» ЖШС шұғылданатын болады.Қалада жол жөндеу сәуір айының ортасынан басталады. Нормативтік құжаттамаға сәйкес ыстық асфальтты бетон қоспасын ауа температурасы + 10 ° С-тен төмен болмаған жағдайда төсеу керек. Өткен жылдан бастап «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жол жөндеу жұмыстарының сапасын бағалауға тартылыпты. Тиісті заманауи құралдармен қамтылған арнайы зертхана қызметкерлері күн сайын жолдың ені мен қалыңдығын, тегістігін тексеріп, қатаң қадағалауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.