Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қайырымдылық марафоны

c 17:42, 17/09/2018 c 500

0:00 / 0:00

Орал қаласында қала күніне орай түңғыш рет жартылай марафоны ұйымдастырылды. Марафонға облыс әкімі Алтай Көлгінов, әлемге танымал марафоншы Марат Жыланбаев, сонымен қатар жалпы спортсүйер қауым қатысты.

Жартылай марафон П.Атоян атындағы стадион алдынан басталып, Карев көшесімен, Достық-Дружба және Евразия даңғылдары арқылы өтіп,сол стадионнан мәреге жетті.

Марафон бірнеше қашықтықты қамтыған болатын. Айта кетсек, бір айналым 5 шақырым болса, сонымен қатар марафоншылар 10 және 21 шақырымға да жүгіре алды. Жартылай марафонның басты жаңашылдығы - кішкентай балалар 440 метрге жүгірген болатын.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 2,5 млн теңгені құрайды. Марафонға қала тұрғындарынан бөлек Алматы,Астана,Ақтөбе,Атырау,Павлодар сонымен қатар,Ресей азаматтары да қатысты. Айта кетерлік, бірнеше қашықтық бойынша марафонға қатысу ақылы тұрде болғандықтан, барлық түскен қаражат Ару есімді науқас қыздың еміне жұмсалады.

Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, ақшалай сияқымен марапатталды.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.