Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЙРАТ БОРАНБАЕВҚА 14,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН АЙЫП ТАҒЫЛУДА

c 09:33, 27/12/2022 c 204

0:00 / 0:00

Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеу аяқталғанны хабарлап отыр. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда. Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дәриға Назарбаеваның құдасы, олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғалып, ол қамауда отырғаны мәлім. Енді құзырлы орган Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеу ісі аяқталып, оған және сыбайластарына қатысты сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылғанын хабарлады. Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберген.

Қаржылық бақылау агенттігінің хабаралуынша, Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді жалғасын табады. Сондай-ақ, ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда болмақ. Қайрат Боранбаев өткен жылы Форбс тізімінде еліміздегі 50 ең бай бизнесменнің қатарында 14 орында тұрды. Алматы қаласындағы ірі Esentai Tower және Esentai Mall сауда-бизнес орталықтары, Амалы ойын-сауық сауда орталығы осы Боранаевқа тиесілі. Тізе берсек, қазір қамауда отырған бизнесменнің бірнеше сауда орталықтары, фитнес клубтары мен қонақ үйлері, қоғамдық тамақтану орындары сияқты бизнесі жетіп жығылады. Кейбір ақпарат көздерінде Қайрат Боранбаевтың байлығы – 519 миллион долларды құрайды деп көрсетілген. Ол 2000-2002 жылдары "ҚазТрансГаз" компаниясының атқарушы директоры және "Intergas Central Asia" коммерциялық директоры, 2006-2014 жылдары "ҚазРосГаз" компаниясының бас директоры болған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.