Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қайғылы жағдай

c 17:57, 18/11/2020 c 436

0:00 / 0:00

10 жастағы  Бақтияр Болатты қағып өлтірген 20 жасар әйел қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Марқұм болған оқушының тума-туыстары кінәлі тұлғаның заң аясында жазасын алуын және оған титімдей де кешірімнің болмайтынын мәлімдеді.

10 жасар  Бақтияр Болатты кеше таңертеңгілік уақытта оқушылар сарайына барар жолдағы жолдан өту жолағында көлік қақты.  Өкінішке орай ауруханаға жеткізілгенмен ақ халаттылар бүлдіршіннің өмірін сақтап қала алмады.  10 жасқа қазанның 26-шы жұлдызында толғанын айтқан оның тумалары кеше Бақтиярды қаққан 20 жасар келіншектің тумалары келіп кешірім сұрағанын мәлімдеді. Он - ақ жыл өмір сүрген жас ғұмырдың осылай қиылғанына сене алмайтындарын айтқан қара жамылған отбасы кінәліге кешірім жоқ дейді. Марқұм Бақтияр №42 Ақ ниет гимназиясының 4 сыныбында оқыған. Мектеп директоры Ерік Жылқыбаев оның көп балалы отбасынан шыққанын және гимназияда  үйдің өзге де балаларының білім алып жатқанын тілге тиек етті. Ата-анасы туралы да жағымды пікір қалдырған ол отбасына қайғыра көңіл айтып бақилық болған балғынның  өмірге құштар, қағілез бала болды деп еске алды. Осы орайда тәртіп сақшылары көлік тізгіндеушілерге сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.  Ақтық сапарға Бақтияр ертең шығарып салынады дейді ағайындары.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.