Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЙҒЫЛЫ ДЕМАЛЫС

c 15:33, 05/09/2023 c 40

0:00 / 0:00

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияның Аланья қаласында жол-көлік апатына ұшыраған қазақстандықтар жайлы ресми ақпарат берді. Бұған дейін Атыраулық белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Түркия елінде ірі жол апатына түсіп, қайтыс болды деген ақпарат тарағанды. Ресми өкілдің айтуынша, Аланьяда демалып жүрген отбасы бүгін елге оралулары керек болатын.

Сыртқы істер министрлігі Түркия елінде қазақстандық журналист пен оның 2 жасар қызы қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Күні кеше яғни 3 қыркүйекте Түркияда отбасымен демалыста жүрген Атыраулық белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Аланияда жол апатына ұшырап, салдарынан кішкентай сәбиімен бірге көз жұмды. Ал оның жұбайы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді ресми өкіл. Мәлім болғандай, қайғы құшқан отбасы Түркияға турист ретінде барған.

Министрліктің мәліметінше, сондай-ақ ерлі-зайыптының 9 жасар ұлы қазір ауруханада жатыр, оның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазақстандық дипломаттар отбасының туыстарымен байланысып, оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі, - дейді Айбек Смадияров.

Антальядағы бұл ірі жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алды. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі Қазақстан азаматы. Ал бұған дейін де шілде айының соңында Түркияда туристер отырған шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, зардап шеккендердің ішінде 12 қазақстандық болған еді. Сол кезде автобус жүргізушісі мен гид көз жұмғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.