Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

IT жобаларға қолдау

c 10:50, 03/05/2018 c 1610

0:00 / 0:00

Жәңгір xан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-теxникалық университетінде “Smart city, digital university” атты форум өтуде. Шараның басты мақсаты IT-алаңда жастарға жаңа идеяларды және стартап жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру, еліміздегі басқа жоғары оқу орындарымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ынтымақтастықты арттыру. Жиынға Қалалық әкімдік аппаратының басшысы, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университеті, Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Кенгуру» оқу орталығының өкілдері мен белсенді студенттер қатысуда.

Ақпараттық, цифлық жобалар талқыға түскен форумға жоғары оқу орындарының студенттері, Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен «Кенгуру» оқу орталығының қызметкерлері қатысты. IT-алаңда жастарға жаңа идеяларды, стартап жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, еліміздегі басқа жоғары оқу орындарымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткен жиынның әсіресе жастарға берері мол.

Машина жасау факультетінің 2 курс студенті - Ермек Көшкенов те өз жобасын ұсынуға келген жастардың бірі. Ол квадрокоптер жасақтаумен айналысып, оны ауылшаруашылығында қолданғысы келеді. Бұл құрылғы арқылы жайылыстағы малды бақылап, жердің құнарлығын білуге мүмкіндік тумақ.

Жиын соңында жастарға арналған айти алаң жасақтау жөнінде шешім қабылданып, тәжірибе алмасу бағытындағы шаралар жоспарланды.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.